Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ШИБӨРІ ШАБУЫЛЫ
Түркістан облысы тұрғындарын шибөрі мазалап жатыр. Жыртқыш Ескі Шілік ауылы тұрғындарына шабуыл жасап, үш адамды жаралаған. Тіпті 4 жасар қыз баланы талап кеткен. Бүлдіршін ауруханаға түсті. Дәрігерлер зардап шеккендерге құтырмаға қарсы екпе салды.
КЕНЕ ҚАПТАДЫ
Алматыда маусым басталғалы 517 адамды кене шағып алды. Мамандар жеке үй иелері мен шаруашылықтарға аумақты өз бетінше зиянкеске қарсы өңдеуді ұсынды. Өйткені кенеден қауіпті инфекция тарауы мүмкін.
ДИРЕКТОР КЕРЕК
Шығыс Қазақстан облысында ешкім директор болғысы келмейді. Қазір өңірде 48 мектеп басшысының орны бос тұр. Мәселе қаржыда болса керек. Кәсіподақ мамандарының айтуынша, жоғары санатты мұғалім директорға қарағанда екі есе көп айлық алады.
МҰНАЙ НАРЫҒЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІС
Қазақстан ОПЕК құрамынан шықпайды. Еліміздің энергетика министрлігі осылай хабарлады. Айта кетейік, енді бір күннен кейін БАӘ-і осы ұйымнан бөлінетінін мәлімдеді. Ал бұл үдеріс Қазақстанның мұнай нарығына қалай әсер етеді?
БІРЛІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА
Тату үйдің шаңырағы биік. Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданында өмір сүріп жатқан 29 ұлттың өкілі осылай дейді. Олар 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнін бірге атап өтуді игі дәстүрге айналдырған.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.