Астанада «Таза экологиялық орта – ұлт денсаулығы» атты жиын өтті. Оны Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы ұйымдастырды. Іс-шарада экологиялық факторлардың халық денсаулығына тікелей әсері және бүгінгі күні қажет жүйелі шешімдер талқыланды. Сондай-ақ жаңа конституциялық нормалардың экологиялық қауіпсіздігі мен қоғамдық денсаулық үшін маңызы айтылды. Жалпы елімізде 40-тан астам индикатор адам құқықтарымен тікелей байланысты. Оның ішінде таза ауа мен қауіпсіз ортаға қол жеткізу құқығы бар. Жиында қатысушылар халықаралық міндеттемелерге де тоқталды.
ЕЛДОС АБАҚАНОВ, ЭТР МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:
– Біздің бас құжатымыз – Ата Заңымызда табиғатты аялау экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері ескерілген. Сол себепті алдағы жылдары экологиялық саясатта да біраз өзгерістер болуы мүмкін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.