Қостанайда ер адам бейтаныс әйелге қол көтерген

Қостанайда ер адам көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс әйелді қуып жетіп, құлақ шекеден бір қойды. Оқиға әлеуметтік желіге тараған соң, полиция шабуыл жасаған адамды ұстап, арнайы медициналық мекемеге жеткізген. Өйткені оның психикалық есепте тұрғаны белгілі болды. Қазір күдіктінің не үшін мұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр. Ал себепсіз соққы жеген келіншекке медициналық көмек көрсетілді.
ӘЛІШЕР КӨШЕКБАЕВ, ПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
— Қала тұрғынына дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіні полиция қызметкерлері ұстады. Ол психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны анықталды. Ер адам мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажет тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал