Нұрай Серікбайды өлтірді деп айыпталған күдіктінің ақыл-есі дұрыс

Шымкентте Нұрай Серікбайды жарты жыл бойы аңдып, ақыры пышақтап өлтірді деп айыпталған күдіктінің ақыл-есі дұрыс. Ішкі істер министрінің орынбасары сот-психикалық сараптама қорытындысы туралы айтты. Вице-министр Санжар Әділовтың айтуынша, тергеу шаралары аяқталуға жақын. Ал марқұмның туған ағасы тергеу ісінің мұқият жүргізіліп жатқанына ризашылығын білдіріп, арнамызға сұхбат берді. Әрі қылмыстық іске қатысты жеке ойын да жеткізді.
СҰЛТАН СЕРІКБАЙ, НҰРАЙ СЕРІКБАЙДЫҢ АҒАСЫ:
— Күдіктінің ұзақ емделуі, үш рет экспертиза тағайындалуы, көп уақыт алды, бірақ дұрыс шешімі енді қабылданды. Біздің отбасымызбен талап ететін ендігі мәселе – жақындары, туыстары жазаға тартылса дейміз. Өйткені Нұрайды алып қашқан кезде олардың көмегі тиген, телефонын тартып алып, оны ұстап отырған болатын. Осоған байланысты жазаға тартылса дейміз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал