Астанадағы «Көктем-3» тұрғын үй кешенінде үш баланың қазасына себеп болған өртке қатысты әзірге ешкім күдікті деп танылған жоқ. Ішкі істер министрінің орынбасары оқиға бойынша кешенді тергеу жүріп жатқанын айтты. Төтенше жағдайлар министрлігі Қылмыстық кодекстің 292-бабы, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша іс қозғады. «Ал Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмағандардың қаза болуына байланысты жеке тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», — деді Санжар Әділов. «Қазір бірнеше сараптаманың қорытындысын күту үстінде. Содан кейін кінәлі адамды жауапқа тарту мәселесі көтеріледі», — деді ведомство өкілі. Ол балалардың әкесі бұл іс бойынша күдікті емес екенін нақтылады. Қайғылы жағдай осыдан үш апта бұрын 21 қабатты үйдің 15 қабатындағы пәтерде болды. Өрт кезінде үш бала көз жұмды. Олардың анасы ауруханада жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.