Ақтөбеде туыстарына пәтер үлестірген әкімдік қызметкері сотталды. Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы өзі қызмет еткен уақытта тұрғын үй қорындағы пәтерлерді заңсыз жекешелендірген. Осылайша, 15 адамның кезектен тыс, заңсыз баспаналы болуына ықпал еткен. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 48 миллион теңгеден асып отыр. Айыпталушы сот үкімімен алты жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда өтейді.
НҰРШАТ ҚАЛИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
— Ақтөбе қаласының азаматтық талап-арызы ішінара қанағаттандырылсын. Жандос Әлімовтен Ақтөбе қаласы әкімдігінің пайдасына 44 миллион 347 мың 457 теңге мөлшерінде материалдық шығын өндірілсін. Үкімнің азаматтық талап бөлігі бойынша заңды күшіне енген күннен бастап 15 тәулік ішінде ерікті түрде орындау мерзімі белгіленсін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.