ШҚО-да 1,5 мың тұрғын сүйек кемігі доноры болуға келісім берген

Шығыс Қазақстан облысының шамамен бір жарым мың тұрғыны сүйек кемігі доноры болуға келісім берген. Бұл адамдар қан обыры мен лимфо жүйесінің ісігі дертіне шалдыққан науқастарға ерікті түрде көмектесуге шешім қабылдаған. Жыл сайын Қазақстанда үш мыңнан астам адамға сүйек кемігі жасушаларын трансплантациялау қажет. Бұл олар үшін ауыр дертті жеңіп, ремиссияға жетудің жалғыз мүмкіндігі. Алайда генетикалық тұрғыдан толық сәйкес келетін донорды табу өте қиын. Он мың адамның тек біреуі ғана толық сәйкес болуы мүмкін. 2018 жылдан бері елімізде бар болғаны 20 рет қана осындай трансплантациялау операциясы жасалған. Соның нәтижесінде 16 қазақстандық, 3 ресейлік және 1 италияндық науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.
ГҮЛІМ АЙСБЕРГЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Мен мұнда әдейі келдім, ауыр науқастарға көмектесу үшін, ең болмаса бір адамның өмірін сақтап қалсам деген ниетпен келдім.

ТАТЬЯНА ВОЙНОВА, ҚАН ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазақстан Республикасының барлық тұрғындары, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының халқы да сүйек кемігі доноры болуға үндеуге үн қосқаны өте маңызды. Біз жыл сайын донорлар тіркеліміне қосылу үшін үлгі алу бойынша осындай акцияларды 2-3 рет өткіземіз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал