Жазғы демалыс маусымы қарсаңында қазақстандықтарға шетелге ақша алып шығу талаптары ескертілді. Елден қолма-қол 10 мың АҚШ долларынан артық валюта алып шығуға қатаң тыйым салынған. Бұл шектеу әрбір азаматқа жеке қолданылады, тіпті кәмелетке толмаған балаларға да қатысты. Мемлекеттік кірістер комитеті мамандарының айтуынша, декларация толтырғанның өзінде аталған лимиттен асыруға болмайды, артық сома тәркіленеді. Сондықтан шетелге шыққанда банк карталарын пайдаланып, қолма-қол ақшаны шектен асырмаған жөн. Ал сапар алдында валюта бағамы мен баратын елдің кеден талаптарын нақтылап алған дұрыс.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.