Тараз қаласын 28 тұрғын алабымен байланыстыратын жалғыз жол әлі жөнделмеген

Тараз қаласын 28 тұрғын алабымен байланыстыратын жалғыз жол шұрық тесік. Тұрғындардың айтуыншла, бұл аумақтар 8 жыл бұрын қала құрамына енгенімен, әлі күнге дейін жол жөнделмеген. Ойдым-ойдым жолдың кесірінен көлік жиі бұзылып, жүргізушілер шығынға батады. Бұл маңмен күніне мыңға жуық көлік қатынайды. Сондықтан тұрғындар жаңа асфальт төсеуді талап етеді. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, 22 шақырымдық жолды асфальттау газ және су желілерін жүргізуге байланысты кейінге шегерілген. Енді екі жылдай күтуге тура келеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал