Абай облысындағы асфальт шығаратын 13 зауыттың біреуі ғана талапқа сай. Сала мамандары өндіріс қуатын, жабдық жағдайын, шикізат пен дайын өнімнің сапасын саралап, біраз кемшілік тапқан. Осыдан кейін сарапшылар асфальт пен бетон дайындайтын кәсіпорындарға қатаң талап қойды. Қазір өңірдегі тағы 7 асфальт-бетон зауыты тексеріліп жатыр. Оларға жол салуға рұқсат беруді арнайы комиссия шешеді. Егер бұған дейін анықталған кемшіліктер дер кезінде жойылмаса, салада жұмыс істеуі екіталай.
ЖАНДОС АҒАЛИЕВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫ» ҰО ФИЛИАЛЫНЫҢ САРАПШЫ МАМАНЫ:
— 20 зауыттың 13-і тексерілді. Бір зауыттың талапқа сәйкестігі анықталып, қалған зауыттар талапқа сай келмейді. Маусым басталмай тұрып сол ақауларды жою керек. Егер де кемшіліктер жойылмаса қатаң шара қолданылады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.