Астанада «Халық қатысатын бюджет – 2026» жобасы аясында үш аула абаттандырылды

Жаңа ойын және спорт алаңдары, демалыс орындары. Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында елордадағы Байқоңыр ауданында «Халық қатысатын бюджет – 2026» жобасы аясында абаттандырылған алғашқы үш аула ресми түрде ашылды. Осыған орай, «Аула күні» мерекесі ұйымдастырылып, оған тұрғындар мен өнерпаздар қатысты.
Бұл аулада бүгін нағыз мереке. Музыка, би, түрлі-түсті шарлар бәрі де салтанатты шараның сәнін кіргізіп тұр. Балалар күлкілерін тыя алмай жүр. Енді ғана қойылған әткеншектер мен спорт тренажерлары, баскетбол алаңы, сырғанақтар тұрғындарға қуаныш сыйлады. Енді мұнда ойнайтын да, демалатын да мүмкіндік бар.
Байқоңыр ауданындағы аулалар соңғы рет 18 жыл бұрын жөнделген. Сондықтан тұрғындар бұл өзгерісті ұзақ күтті.
Жаңартылған ауладағы жол жамылғысы, ойын алаңдары қауіпсіз әрі заманауи талаптарға сай.
Аулаларды абаттандыру «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жалғасуда. Биыл ауданда тағы 20 ауланы толық жаңарту және 50 аулада жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Алайда әкімдік өкілдерінің айтуынша, ауладағы тазалық пен тәртіп – тек коммуналдық қызметтердің емес, тұрғындардың да ортақ жауапкершілігі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал