Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
КҮТПЕГЕН СОҚҚЫ
Қостанайда ер адам көшеде бейжай кетіп бара жатқан әйелді қуып жетіп, құлақ шекеден бір қойды. Қазір полиция мәселенің мән-жайын анықтап жатыр. «Қалай болған күнде де тұрғынның оқыс әрекеті жазасыз қалмайды», — дейді тәртіп сақшылары.
АҚЫЛ-ЕСІ ДҰРЫС
Шымкентте Нұрай Серікбайды жарты жыл бойы аңдып, ақыры бауыздап өлтірді деп айыпталған күдіктінің ақыл-есі дұрыс. Ішкі істер министрлігінің өкілдері сот-психикалық сараптама қорытындысын жариялады.
ЖОЛ СҰРАЙДЫ
Жамбыл облысының 25 мың тұрғыны ойдым-ойдым жолдан шаршағанын айтып шағымданды. 28 тұрғын алабының азаматтары қалаға қатынайтын жалғыз жолды шұғыл түрде жөндеп беруді сұрайды. Әйтпесе жүрген көлік шақ келмей, әбден титықтадық деп отыр.
ОРМУЗ КОАЛИЦИЯСЫ
АҚШ Ормуз бұғазы бойынша коалиция құруға ниетті. The Wall Street Journal басылымының дерегіне қарағанда, Вашингтон елшіліктерге арнайы тапсырма берген. Жалпы, бұл қақтығысқа Америка билігі 25 млрд доллар шығындағаны белгілі болды.
ДОНОРЛЫҚҚА ҚҰЛШЫНЫС
Шығыс Қазақстан облысының бір жарым мыңнан астам тұрғыны сүйек кемігі донорлығына келісім берген. Өңір азаматтары осылайша лейкоз және лимфоманың ауыр түріне шалдыққандарға қол ұшын созуға құлықты екенін білдірді.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.