Қарағандыда теміржол қызметкерін пойыз қағып кетті

Қайғылы оқиға Жаңа Қарағанды станциясында болды.Түнгі сағат 2-лер шамасында электровоз жол монтерін қағып, ол оқиға орнында көз жұмды. Сол сәтте машинист шұғыл тежегішті басқанымен үлгермеген. Оқиға салдарынан мерт болған жол монтері – 1977 жылы туған 4-разрядты маман. Алдын ала мәлімет бойынша, ол құрал-жабдықтарды күзетіп жүрген. Ер адамның теміржол саласында 28 жылдан астам еңбек еткені айтылады. Ол үйленген, үш бала тәрбиелеп отырған, оның екеуі кәмелетке толмаған.
БАҒЛАН ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ, КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі жүрісі немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша Қарағанды сұрыптау станциясындағы көліктегі полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал