Алматыдағы компьютерлік клубтың бірінде жастар арасында ерегіс басталған. Артынан олар көшеге шығып, жаппай төбелескен. Жанжал кезінде қатысушылардың бірі пышақ қолданып, екі жасөспірімді жаралаған. Өкінішке қарай, ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оларды аман алып қала алмады. Күдіктілер ұсталды: Төбелеске қатысқандардың бәрі анықталды. 17 мен 20 жас аралығындағы жастар қамалды. Оқиға өте күрделі болғандықтан, оны Ішкі істер министрлігі мен қалалық полиция департаменті жеке бақылауына алды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.