Солтүстік Қазақстан облысында құтырма ауруының ошағы анықталды. Есіл ауданындағы Амангелді ауылының тұрғыны өз итінің агрессивті мінез таныта бастағанын байқап, бірден ветеринарға хабарлаған. Мамандар патологиялық материал алып, сараптама жасайды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, қауіпті індет расталды. Бірақ инфекцияның нақты қайдан тарағаны әзірге белгісіз. Ол жабайы жануарлардан да жұғуы мүмкін деген болжам бар. Округ әкімінің шешімімен аталған елді мекенде карантиндік шектеу енгізілді. Яғни жануарларды ауылдан шығаруға немесе сатуға уақытша тыйым салынды. Айта кетейік, жыл басынан бері аймақта 200-ден астам адамды ит қапқан.
НАРИМАН ТАСБОЛАТОВ, ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Шектеу шаралары енгізілгеннен бері, яғни республикалық эпизоотияға қарсы жасақпен кешенді сауықтыру іс-шаралары жүргізілді. Соның ішінде дезинфекция жұмыстары және жануарларды құтырмаға қарсы вакциналау жұмыстары жүргізілді. Құтырмаға қарсы 45 жануар вакциналаудан өтті. Оның 36-сы – ірі қара мал, 1 ит және 8 мысық.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.