Төлеби ауданында өткен демалыс күндері жауған толассыз нөсерден кейін Ақмешіт өзені арнасынан асты. Тасқын су жолдағы екі көпір мен бірнеше демалыс аумағын шайып кеткен.
Жергілікті билік өкілдері, тасқынның зардабын түсіндірді. Демалыс орындарының өзен жағасына салған биік қоршаулары судың ағысына кедергі келтіріп, деңгейін көтеріп жіберген. Ағынмен келген қоқыс өткелдерді бітеп тастады. Қалдықтарды әкімдіктің техникасы тазалап жатыр. Жағдай толықтай бақылауда. Мамандар шығынды есептеп, қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
МЕДЕТХАН ШАНБАЕВ, АУДАНДЫҚ ТЖ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
— Қатты нөсерлі жаңбыр салдарынан таулы аймақтарда беткейлі ағын пайда болып, Сейітұлы Абдулла көшесіндегі үйлердің ауласына су кірді. Оқиға орнына төтенше жағдайлар бөлімінен 20 қызметкер, 7 мотопомпа, 4 техника және жергілікті атқарушы органдар тарапынан 4 инженерлік техника, 15 қызметкер, 4 мотопомпа жұмылдырылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.