Шығыс Қазақстандағы Аюлы шатқалында шыққан өрт құтқарушыларды әбігерге салды. Бұқтырма су қоймасының маңындағы таулы жерде құрғақ шөп пен қылқан жапырақты орман жанған. Тілсіз жауды ауыздықтауға «Қаз авиа құтқару» тікұшағы жұмылдырылып, әуеден 20 тоннадан астам су шашылды. 10 сағатқа созылған арпалыстан кейін өрт ошағы толық сөндірілді. Қазір өңірде құрғақшылыққа байланысты өрт қаупінің жоғары деңгейі жарияланып, барлық төтенше қызмет күшейтілген режимге көшті. Айта кетейік, өткен жылы облыста 200 гектардан астам орман алқабы күлге айналған.
МАРИНА ЛИСКОВА, ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Өртті сөндіруге күш те, техника да жедел жіберілді. Сондай-ақ ТЖМ-нің тікұшағы «Қазавиаорманқорғау» қызметкерлерін десанттау үшін тартылды. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен орманшылар да қатысты. Қазіргі уақытта ашық жану ошағы жоқ. Жағдай толық бақылауда. Өртті сөндіруге қатты жел мен таулы, қолжетімсіз жер бедері қиындық туғызды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.