Шымкентте өзін экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері ретінде таныстырған ер адам кәсіпкерді алдап, ірі көлемде қаржы иемденген. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті бизнес өкілімен байланысқа шығып, «мәселелерін шешіп беремін» деген желеумен, ақша талап еткен. Өткен жылдың қыркүйегінде ол компания басшысын медициналық мекемені тексеру тізімінен алып тастауға көмектесемін деп сендіріп, 25 млн теңгені қолды қылған. Алайда уәде орындалмаған. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және алаяқтардың айласына алданбауға шақырады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.