Биыл диқандар бақша дақылдарына, қарбыз бен қауынға басымдық бермек

Абай облысында қазір көктемгі егіс қызған шақ. Биыл диқандар 700 мың гектарға бидай, арпа тұқымын сіңірмек. Сондай-ақ шаруалар бақша дақылдарын көбейтіп, әсіресе қарбыз бен қауынға да басымдық беріп отыр. Мәселен, Елтай ауылының диқандары барлығы 1300 гектар жерге жеміс жидек отырғызады. Олар көшетті алдымен жылыжайда өсіріп, кейін ашық алқапқа егеді. Қазір онда 30-35 мың түп көшет дайын тұр. Бұл әдіс өнімді шамамен бір ай ерте алуға мүмкіндік береді. «Биыл қар ерте еріп, көктемгі егіске қолайлы жағдай болып тұр», — дейді шаруалар.
ОРАШ ЖҰМАШЕВ, ШАРУА:
— Бір гектарға 7 мың түп кетеді. Қарбыз, қиярымыз бар. Азын-аулақ жүгері егеміз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал