Астаналық жасөспірімдер өрт сөндірушілердің жұмысымен жақыннан танысты

Төтенше жағдай кезінде өрт сөндірушілер қалай әрекет етеді? Оқиға орнына қанша минутта жетуі тиіс? «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері өрт сөндірушілердің қандай жағдайда жұмыс істейтінін көріп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.
Бұл – Астанадағы Асқар Забикулин атындағы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері құтқару қызметінің қыр-сырымен танысуға мүмкіндік алды. Олар арнайы техникаларды жақыннан көріп қана қоймай, құтқарушылардың жауынгерлік киімін де киіп көрді.

Төтенше жағдай кезінде өрт сөндірушілер қалай әрекет етеді? Оқиға орнына қанша минутта жетуі керек? Оқушылар өрт сөндірушілердің қандай жағдайда жұмыс істейтінін көріп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілеріне арналған ашық есік күнін Астана қаласы әкімдігі, Төтенше жағдай Департаменті ұйымдастырды. Мұндай кездесу алдағы уақытта да жалғасын табады. Еріктілер мен «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері, сондай-ақ Полиция департаменті және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне қарасты бөлімшелердің де қызметімен таныспақ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал