Астанадағы стоматологияның бірінде 20 жастағы жігіт қайтыс болды | 04.05.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ТЕМІРЖОЛДАҒЫ ТҮНГІ ТРАГЕДИЯ
Қарағандыда теміржол қызметкері қайтыс болды. 28 жылдық тәжірибесі бар монтерді пойыз қағып кеткен. Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр. Еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік кепілдік қайда?

ТІС ЕМДЕУДІҢ ҚҰНЫ
Астанадағы жеке клиниканың бірінде тіс емдетпек болған жас жігіт ажал құшты. Небәрі 20 жастағы тұрғынның өліміне не себеп? Анестезия ма әлде дәрігерлердің салғырттығы ма?

ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ
Декреттік демалысты тоқтатып, ерте жұмысқа шықсаңыз, жәрдемақы тоқтатылады. Елімізде балалы әйел мен жұмыссыздыққа жәрдемақы беру ережесі өзгерді. 1 жарым жасқа дейін бала күтімімен үйде отырған ана жұмысқа шықса нені білуі тиіс?

ЖАЛҒАН АГЕНТ ЖАРҒА ҚҰЛАДЫ
25 миллион теңге және жалған уәде. Кәсіпкердің мәселесін шешіп беремін деп миллиондаған қаржыны иемденген жалған қызметкер ұсталды. Ол медициналық мекемені тексеру тізімінен алып тастау үшін ірі көлемде пара талап еткен.

ШЕКТЕУ ЕНГІЗІЛДІ
Солтүстік Қазақстан облысындағы Амангелді ауылы құтырмадан карантинге жабылды. Инфекция қайдан келді? Жабайы аң ауылға қауіп төндіріп тұр ма? Ауылдағы ахуал мен сақтық шаралары туралы сәлден соң айтамыз.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал