Өскемендегі қайғылы оқиғаны тергеуді Олжас Бектенов жеке бақылауына алды

Өскемен қаласындағы қайғылы оқиғаны тергеуді Үкімет басшысы Олжас Бектенов жеке бақылауына алды. «Казцинк» компаниясы қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажет көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Оның ішінде материалдық және психологиялық жәрдем де болады. Оқиғаның себептерін анықтаумен арнайы құрылған комиссия айналысып жатыр.

Өскемендегі зауыт аумағында түтін сорғышты тазалау жұмыстары кезінде жарылыс болды. Соның салдарынан құрылымдардың бір бөлігі құлап, өрт шыққан. Құтқарушылармен бірге өнеркәсіп аумағында экологтар да жұмыс істеді. Мамандардың алдын ала мәліметінше, ауаға нормадан аспайтын және қауіпті ластаушы заттар бөлінбеген.

АНДРЕЙ ЛАЗАРЕВ, «КАЗЦИНК» ЖШС БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
– Қайғылы жағдай туралы өкінішпен хабарлаймын. 2 адам қаза тапты, 5 адам жарақат алды. Олардың екеуі ауруханада жатыр. Қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Барлық қажетті қолдау мен көмекті көрсетеміз. Қазіргі таңда қаза болғандардың бірінің отбасымен психологтар жұмыс істеп жатыр, ал екінші отбасы мүшелерімен байланыс орнатылуда.

МҰРАТ НҰРБИКЕНОВ, ШҚО МО БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Қабылдау бөлімінде реаниматолог пен травматолог бастаған жедел топ құрылды. Екінші зардап шеккен адам 1974 жылы туған. Оған бел омыртқа бөлігінің жарақаты диагнозы қойылды. Үшінші бел омыртқасының компрессиялық сынуы және өсінділерінің сынуы бар. Ол травматология бөліміне жатқызылды. Барлық қажетті шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал