Үкімет, энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 1 трлн теңге бөледі. Ал елдегі энергия өндіруші компаниялардың газға қарызы 37 млрд теңгеден асқан. Оны кім қайтарады? Әлде бұл берешек тарифті өсіру есебінен өтелмек пе? Үкімет отырысында осы мәселе қаузалды. Мамандардың айтуынша, жарық бағасы қымбаттауы мүмкін. Энергетика вице-министрі тарифтердің жақын айларда өзгеруі ықтимал екенін айтты. Бұған себеп – энергетика саласындағы қордаланған қарыз. Үкіметтегі брифингте Сұңғат Есімханов әсіресе газбен жұмыс істейтін станциялар былтыр газ бағасы өскен кезде, біраз шығынға батқанын айтты. Сол қарыз енді біртіндеп тариф арқылы жабылуы мүмкін.
СНХ: СҰҢҒАТ ЕСІМХАНОВ, ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
– Иә, қарыз бар, ол негізінен газ станцияларына тиесілі. Бұл берешек өткен жылдың екінші жартысында газ бағасының өсуінен қалыптасты. Алдағы уақытта оны тарифтер арқылы өтеу жоспарланып отыр. Тарифтер шамамен 4-5% өсуі мүмкін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.