Оралда Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының күрделі жөндеуі аяқталар емес. 3 жыл өтсе де жұмыстың 75 пайызы ғана атқарылған. Қазынадан бұл мақсатқа 2 млрд 160 млн теңге бөлінуі тиіс еді. Осы аралықта мердігер де ауысқан. Маман бар, материал жоқ. «Жұмысты соңына дейін жеткізуге тиісті қаржынының уақытылы аударылмауы кедергі», — дейді жауаптылар. Сондықтан театрдың нақты қашан ашылатыны белгісіз. Тапсырыс беруші тарап бұл мәселе туралы айтудан ат тонын ала қашты. Ал мердігер компания өкілі: «Жөндеуді өз қаражатымызға жүргізіп жатырмыз»,- дейді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.