Түркияда дүлей дауыл соқты. Бір адам қаза тауып, 40 тұрғын зардап шекті.
Табиғи апатқа байланысты Ыстамбұл және тағы 43 қалада қауіптіліктің сары деңгейі жарияланды. Жергілікті басылымның хабарлауынша, Вираншехир, Биреджик, Газиантеп шаһарлары әп-сәтте суға толып, үйлерге зақым келген. Ал Артуклуда қатты жел, трансформаторды қиратып, тұтас аумақ жарықсыз қалды. Кызылтепеде ірі бұршақ жауып, көліктерді бүлдірсе, Денизли, Бурдур, Кютахья және Афьон қалаларын қар басты. Мектептер жабылып, сабақ тоқтатылды. Билік тұрғындарға ауа райы тұрақталғанша, үйден шықпауға кеңес берді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.