Ақ үй жанында атыс болды

Ақ үй жанында тағы да атыс болды. Нысан сыртын патрульдеу кезінде қауіпсіздік қызметі қолында қаруы бар адамнан күдіктенген. Дереу оны ата бастаған. Осы кезде ақ үй жанынан өтіп бара жатқан кездейсоқ тұрғын зардап шексе керек. Ал күдікті оққа ұшты. Қауіпсіздік қызметінің ақ үй жанынан табылуы тегін емес. Сәл бұрынырақ дәл осы ауданнан вице-президент Джей Ди Вэнстің кортежі өткен. Өйткені Дональд Трамп өз резиденциясында шағын бизнес бойынша жиын өткізіп жатқан. Осы оқиғадан кейін ақ үй уақытша жабылды. Бұл тағы да Трампқа қастандық жасау әрекеті ме, жоқ па, ол жағы белгісіз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал