Д. Трамп: Иран жер бетінен жойылады

Иран жер бетінен жойылады. АҚШ президенті Дональд Трамп осындай мәлімдеме жасады. Ол Fox News-ке берген сұхбатында егер Иран АҚШ кемелеріне шабуыл жасаса, жер бетінен жойылады деп ескерткен. Сарапшылардың пайымынша, бұл мәлімдеме АҚШ кемелерінің «Project Freedom» операциясына қатысты айтылған болуы мүмкін. АҚШ-тың орталық қолбасшылығы операцияға «100-ден астам құрлықтық және теңіз базасындағы әуе кемелері, көпсалалы пилотсыз платформалар және 15 мың сарбаз жұмылдырылады» деп жариялаған. Алайда Иран тарапы бұғаздағы қозғалысты Тегеран басқарады деген пікірде. Ақ үй басшысы бұл орайда өртенген кореялық кемені меңзеп, Сеулді де миссияға қосылуға шақырды. Алайда Оңтүстік Корея әзірге ресми жауап берген жоқ.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
– Біз Иранға ядролық қару иеленуге мүмкіндік бере алмаймыз. Оларда флот, әскери әуе күші, ПВО қондырғылары жоқ. Радар да таусылған. Тіпті көшбасшысы да жоқ. Олар кетіп қалған. Сондықтан олардың ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бере алмаймыз. Әйтпесе бізде мәселе туындайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал