Қ. Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады. Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына комиссия жұмысының негізгі бағыттарын баяндады. Қазақстанның 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы төрағалығы кезінде қандай жобалар іске асатынын түсіндірді. Одақ елдері жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту жөнінде ортақ құжат әзірлеуді аяқтаған. Бұл бастама жаңа технологияны экономикаға тиімді әрі қауіпсіз енгізуге жол ашады. Сонымен қатар Президентке мамырдың 28-29-ы күндері Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы мен V Еуразиялық экономикалық форумға дайындық барысы таныстырылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал