Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ЖҰМЫСШЫ ҚАЗАСЫ
Өскемендегі зауытта болған жарылыстан 2 адам қайтыс болды. Тағы бес жұмысшы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиға орнында төтенше жағдай бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Қайғылы жағдайды тексеру барысын үкімет басшысы өз бақылауына алды.
АУЛАДАҒЫ ҚАУІП
Астанадағы аулалар қауіпті болып барады. Кеше ғана 1 жас 8 айлық баланы көлік қағып, бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды. Бұл бірінші жағдай емес. Жалпы үй маңында үнемі кептеліс. Өрт сөндіру көлігі мен жедел жәрдем жиі кіре алмай кібіртіктейді. Мәселені шешудің жолы бар ма?
ТУРИЗМ ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕЛДІ
Таяу Шығыстағы жағдайдан кейін туристер бағытын өзгертті. Демаушылар енді Вьетнамға ағылып жатыр. Әлеуметтік желіде Нячангқа барған азаматтар паспорттық бақылау пунктінде мыңғырған кезек екенін жазуда. Отандық туризм саласының мамандары қандай кеңес береді?
КОММУНАЛДЫҚ ҚАРЫЗ
Үкімет энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 1 трлн теңге бөледі. Ал елдегі энергия өндіруші компаниялардың газға қарызы 37 млрд теңгеден асқан. Оны кім қайтарады? Әлде бұл берешек тарифті өсіру есебінен өтелмек пе?
«ЖЕТІНШІ АРНА» АУЫЛДА
«Жетінші арнаның» хабар тарату аумағы жылдан-жылға ұлғайып келеді. Айталық, Түркістан облысындағы 230-дан астам елді мекеннің 700 мыңға жуық тұрғыны арнаны көру мүмкіндігіне ие болды. Ауылдағы көрерменмен тілшіміз көрісті.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.