Астанадағы Қазақ технология және бизнес университетінің әскери кафедрасында 448 студент салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Бұл шара Отан қорғаушы күні қарсаңында ұйымдастырылған. Оған Жоғары оқу орнының басшылығы, Қарулы күш ардагерлері мен студенттердің туыстары қатысты. Вице-адмирал Жандарбек Жанұзақов пен Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев жастарға анттың қасиетті серт екенін және ел қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктің маңызын айтып, құттықтау сөз сөйледі. Биыл екінші рет ұйымдастырылған рәсімде үздік курсант пен ата-аналарына алғыс хат пен естелік белгі табысталды. Ұлттық әскери-патриоттық орталық өнерпазының концертімен қорытындыланып, жас сарбаздар ресми түрде запастағы әскери қызметшілер қатарын толықтырды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.