Астанада бірегей ревматология орталығы ашылды

Буын ауруынан толық айығуға мүмкіндік бар. Астанада бірегей ревматология орталығы жұмысын бастады. Мұнда ең күрделі аутоиммундық ауруларды анықтап, заманауи әдіспен емдеуге барлық жағдай жасалған.

Астанада ревматология орталығы ашылды. Бұған дейін 1,5 миллионнан астам халқы бар елордада небәрі 9 орындық стационар ғана болған. Енді жаңа орталық ревматологиялық көмекті қолжетімді етпек.

Мамандардың айтуынша, аутоиммундық сипаттағы буын аурулары – созылмалы әрі үдемелі дерт. Олар дер кезінде диагностика мен тұрақты бақылауды талап етеді. Егер уақытылы емдемесе, тіпті мүгедектікке дейін апаруы мүмкін. Жаңа орталық бұл мәселені шешуге бағытталған. Мұнда науқастарға заманауи терапия тағайындалып, кешенді ем жүргізіледі. Осы орайда біз орталықтың алғашқы емделушілерімен тілдесіп көрдік.

Осы уақытқа дейін еліміздің 13 өңірінде ревматологиялық орталық пен бөлімше ашылған. Ал республика бойынша 600 төсек-орын бар. Енді елорда тұрғындары да толық жабдықталған орталықтан, арнайы мамандардың көмегін дер кезінде ала алады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал