«Қазцинк» зауытында болған жарылыстың алдын ала себебі анықталды

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы Астанадан келген дәрігерлердің алдағы көмек көрсету шаралары бойынша шұғыл консилиум өткізгенін хабарлады. Омыртқа жарақатын алған зардап шегушіні 7 мамыр күні тасымалдауға дайындық жүріп жатыр. Өскемендегі «Қазцинк» зауытында болған жарылыстың алдын ала себебі белгілі болды. Ішкі істер министрлігі қазіргі уақытта екі негізгі нұсқаны қарастырып жатыр. Оның бірі техногендік процестің бұзылуы болса, екіншісі адами фактор. Қайғылы жағдайға байланысты еңбек қорғау ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оннан астам сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Әзірге нақты күдіктілер жоқ. Еске сала кетейік, 5 мамырда болған апат салдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше жұмысшы зардап шеккен. Кәсіпорын қаза болғандардың отбасына олардың 10 жылдық жалақысы мөлшерінде өтемақы төлеуге уәде берді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал