Шымкентте ер адам екі көршісін пышақтап тастаған. 70 жастағы қариядан зәбір көрген екі ер адам жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалды. Қазір зардап шеккендердің жағдайы ауыр, 60-ты алқымдаған науқастар жансақтау бөлімінде жатыр. Ал қарт күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр. Полицияның мәліметіне сүйенсек, оқиғаға көршілер арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Шынар Сахметова, көршісі, куәгер:
— Көшеге шығуға қорқамын. Бұл неше жылғы көршім негізі. Араз болған ешнәрсесі жоқ, кеше балалар мына жерде тас лақтырған екен үйдің төбесіне, соған өшін біреуден алам деп шыққан.
Бақытжан Позилов, №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері:
— 5 мамыр сағат шамасы 23:00-ден кейін екі науқас ауыр жарақатпен түсті. Науқастарға толық көмек көрсетілді, операция жасалды. Бүгінгі таңда екі науқас жансақтау бөлімінде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.