Палау орталығындағы жарылысқа қатысты тергеу жалғасып жатыр

Щучинсктегі 12 адамның өмірін қиған палау орталығындағы жарылысқа қатысты тергеу жалғасып жатыр. Ақмола облыстық прокуратурасының мәліметінше, өрт қауіпсіздігіне жауапты деп танылған дәмхана иесінің қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Сонымен қатар сәуір айының соңында газ құю станциясының директоры мен баллон жеткізуші күдікті ретінде ұсталған болатын. Оларға газ баллондарын толтыру мен жеткізу кезінде заң талаптарын бұзды деген айып тағылып отыр. Еске сала кетейік, ақпан айында болған осы қайғылы оқиға салдарынан 28 адам зардап шеккен еді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал