Нұрай Серікбайдың өлімі: күдіктінің сыбайласы болуы мүмкін

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Күдіктінің сыбайласы болуы мүмкін деген нұсқа тексеріліп жатыр. Яғни, Нұрай Серікбайды күдіктінің үйіне алып қашқанда жанында өзге адам болған деген жорамал қарастырылды. Ал басына кондиционер құлаған фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сараптама әлі аяқталмаған. Бұған дейін оның ақпан айының соңында қорытындыланатыны айтылған еді. Алайда бұл мерзім сақталмады. Санжар Әділовтің айтуынша, сараптама нәтижелері дайын болған соң іс қайта қаралады.
Санжар Әділов, Ішкі істер министрінің орынбасары:
— Фельдшердің өліміне қатысты қазіргі таңда тергеу жүргізілуде кешенді сот құрылыс сараптамасының қортындылары әлі дайын емес жақын арада дайын болғанда тергеу нәтижелерін тергеу жұмыстарын біз қайтадан жандаңдырамыз және заңды шешім қабылданады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал