Мүгедектік тағайындау саласында заңсыздықтар әшкереленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік тағайындау саласындағы нағыз «шығармашылықты» әшкереледі. Тексеріс барысында 167 жалған құжат табылды. Қызығы сол, кейбір дәрігерлер басты қатырмай, бір науқастың диагнозын екіншісіне көшіре салған. Әртүрлі адам, бірақ ауру тарихы бір. 73 адамның құжаты қайта сүзгіден өткізіліп жатыр. Төлем уақытша тоқтатылған. Егер заңбұзушылық расталса, «көшірме» мүгедектік туралы шешімнің күлі көкке ұшады. Заңгерлер мен министрлік мамандары енді әр үтір-нүктені жіті тексермек.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал