Ардагер Федор Ковалевтің өмір жолы: майданнан ауыл еңбегіне дейін

Алматы облысы Жамбыл ауданында тұратын соғыс ардагері Федор Ковалевтің өмір жолы – тек бір адамның тағдыры емес, тұтас бір дәуірдің шежіресі. Оның тарихынан біз соғыстың сұрапылын да, бейбіт күннің қажырлы еңбегін де көреміз.1944 жылы әскер қатарына шақырылып, 1945 жылдың тамыз айында кеңес-жапон соғысына қатысады. «Жапонияның жеңілісі КСРО-ның Қиыр Шығыстағы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын тездетті», – дейді ол. Федор Ковалев соғыс аяқталған соң өзінің туған ауылында комбайншы болып еңбек етті, кейін Алматы облысының Жамбыл ауданына қоныс аударды. Ұзынағаштағы ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу орталығында 20 жыл бойы слесарь, электр дәнекерлеуші болып жұмыс істеп, құрметті демалысқа шықты. Соғыс және еңбек ардагері Жамбыл ауданының құрметті азаматы атанып, бірнеше мерейтойлық медальмен марапатталған.
Фёдор Ковалёв, соғыс ардагері:
— Ең бастысы жер бетінде соғыс болмасын, балаларым. Жеңістің 80 жылдығына ардагерлеріміздің көбі жете алмады. Бірнеше жыл бұрын Жамбыл ауданында 20 ардагер бар еді. Қазір жалғыз қалдым. Жасым 99-да. Еліміздің барша тұрғындарына бақыт тілеймін!
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал