Енді келушілер архивтік құжатпен танысып қоймай, жасанды интеллект пен 3D-маппинг арқылы сұрапыл соғыс жылдарына саяхат жасай алады. Аңызға айналған батырлар мен қолбасшылардың диалогын тірідей тыңдап, майдан даласының тынысын сезінуге мүмкіндік бар. Тарих пен цифрлық жетістік тоғысқан бірегей көрмені тілшілеріміз тамашалап қайтты.
3D фильм Панфилов дивизиясы залынан Жеңіс күні қарсаңында Алматыдағы әскери даңқ музейі келушіге лық толды. Барлығы бүгінгі бейбіт күнді сыйлаған аға буынның ерлігі туралы мәліметті білгісі келеді. Олардың арасында алғаш келгендер де бар. Айти-технологияның жетістіктер оларды таң қалдырды.
Жасанды интеллект, интерактивті планшет, цифрлық қондырғылар соғыс туралы айтып қана қоймай, шынайы майдан даласын да көрсетеді. Келушілер сол арқылы жеңістің оңай келмегеніне көз жеткізе алады.
Алуа Байқадамова, әскери даңқ музейінің меңгерушісі:
— Бұл жерге 3D-маппинг орнатылды. Сол арқылы генерал Панфилов пен Бауыржан Момышұлының штабтағы әңімелерін естуге болады. Бұл көрініс «Артымызда Москва» кітабы негізінде түсірілген осы аттас фильмнен алынды. Екеуінің арасындағы диалог шынында да болған, тарихи сәттен үзінді.
Даңқты қолбасшы, генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова осы музейде ұзақ жыл қызмет етіп келеді. Тарихты түгендеу, оны бүгінгі жас ұрпаққа жеткізу, аталар ерлігін ұмытпау маңызды, — дейді ол. Мысалы, архивтегі құжаттарға цифрлық форматта қол жеткізуге болады. Әр жәдігерге планшет орнатылған. Мәскеу түбіндегі шайқас диорамасы мультимедиа жүйесі арқылы шынайы майдан даласына айналады. Музейді тамашалауға келген 3 сынып оқушысы София Зевахина үлкен әсер алғанын айтады.
София Зевахина, оқушы:
— Музейге бұған дейін де келген едім. Барлығы керемет өзгерген. Панорама да әдемі. Бейнедегі Бауыржан Момышұлының соғыстың қиындығы мен ауыртпалығы туралы айтқан әңгімесі, марапаттары бәрі маған өте ұнады.
Гаухар Тайжанова, экскурсиялық сүйемелдеуші командир:
— Жасанды интелектінің енгізілуі жастардың бойында тарихқа деген қызығушылықты арттырды. Осы жерде аттары аңызға айналған 28 панфиловшылардың өмірімен танысып, олардың ерлік туралы, соңғы ұрысты қалай қарсы алғандары туралы айтқандарын естуге болады. Келушілер негізінен жаңа технологияны меңгерген. Сол арқылы музеймен таныса алады. Олардың арасында 3-4 жастағы бүлдіршіндер де бар.
Цифрлық даму заманында музей тек тарихты сақтаушы ғана емес, заманауи мультимедиалық аймаққа айналды. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.