«Қорғас» шекарасында 20-ға жуық жүк көлігі жанып кетті | 06.05.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ТЕРГЕУ МЕН КӨМЕК
Техногендік үдерістің бұзылуы немесе адами фактор. Өскемен қаласындағы зауытта болған жарылысқа осы екі қателіктің бірі себеп болуы мүмкін. Тергеу тобы екі болжамды алға тартты. Ал оқыс оқиғадан зардап шеккен науқасқа көмек көрсету үшін Астанадан дәрігерлер жіберіледі.

КӨРШІ КЕСІРІ
Шымкенттегі қанды оқиға. Көршілер арасындағы жанжал пышақтасумен аяқталды. Жетпістегі қария түн ортасында екі адамға пышақ сермеген. Қазір зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр.

АВТОМЕКТЕПКЕ ЖАҢА ТАЛАП
Енді автомектеп ашу оңай болмайды. Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді даярлау сапасын арттыру үшін жаңа ереже әзірлеп жатыр. Бұл қадам жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете ме, әлде оқу ақысының қымбаттауына әкеле ме?

БАТЫР БЕЙНЕСІ
Алматыдағы Әскери даңқ музейі жасанды интеллект пен 3D-маппинг технологиясын енгізді. Енді келушілер аты аңызға айналған батырлардың диалогын тыңдап, майдан даласын виртуалды түрде көре алады.

ҚҰЙМАҚҰЛАҚ БАЛА
Батыс Қазақстан облысында 4 жасар бүлдіршін Абай мен Мұқағалидың өлеңдерін жатқа айтып, көпшілікті сүйсінтті. Зеректігімен көзге түскен құймақұлақ баламен тілшіміз сұқбаттасты.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал