Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған ауқымды плац-концерт өтті. Мыңдаған көрермен «Қазақ елі» алаңына жиналып, әскери оркестрдің өнерін және салтанатты шеруді тамашалады.
«Қазақ елі» алаңында бұл күні ерекше көңіл күй орнады. Елдің барлық күштік құрылымы астаналықтарға өз шеберлігін көрсету үшін бас қосты. Арнайы мақсаттағы бөлімше көрсетілімі, салтанатты саптағы шеруі және Құрмет қарауылы ротасының дефилесі ұйымдастырылды. Олар бұл шараға тыңғылықты даярлықпен келген.
ДАРХАН ҚАЛЕБАЕВ, ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ҚҰРМЕТ ҚАРАУЫЛЫ ЖЕКЕ РОТАСЫНЫҢ КОМАНДИРІ:
– Ұлттық Ұланның абыройын асқақтату маңызды. Сол үшін тер төгіп, еңбек етіп жатырмыз.
Плац-концертке мыңнан астам көрермен жиналды. Олардың арасында ересек те, бала да бар. Астаналықтар күштік құрылым өкілдерінің жоғары деңгейдегі саптық дайындығы мен шыңдалған шеберлігіне таң қалып, келешекке деген сенімін білдірді.
Мемлекеттік күзет қызметінің өнерпаздары Құрмет қарауылы ротасының сүйемелдеуімен «Елім деп соқсын жүрегің» композициясы мен «Алаш ұлы» әнін шырқады. Сондай-ақ қаруды шебер айналдыру, қозғалыс кезіндегі қайта сап түзеу және мінсіз үйлесім әскери қызметкерлердің өнерін көрермен де қолдап, таныс әуенге қосылып отырды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.