Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен қатыгез ана сотта жауап берді

Шымкентте балаларына қорлық көрсетіп, бірінің аузын қыздырылған шанышқымен күйдіріп, бірінің денесіне үтік басқан ана сот алдында жауап берді. Басты сот талқылауында тың дерек айтылды. Сондай-ақ балалардан жауап алынды. Олар анасының ұрып-соғып қана қоймай, қыстың күні өзен суына түсіргенін айтты. Сот залында 29 жастағы әйел өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді. Ал айыпталушының бұрынғы енесі сотта оған кешірім беретінін мәлімдеді.

Еске салайық, жаға ұстатарлық оқиға осы жылдың қаңтар айында болған. Анасы туған балаларына қорлық көрсетіп, аяусыз ұрып-соғып, қызының шашын күштеп қиып тастаған. Қазіргі уақытта балалардың барлығы мемлекет қамқорлығында. Айта кетейік, наурыз айында азаматтық сот күдікті әйелді ата-ана құқығын шектеген еді.

АЛТЫН БІЛТЕБАЙ, СУДЬЯ:
– Тергеуде берген жауаптарыңызды қуаттайсыз ба? Мына жерде жазғансыз: «Ашуланып, шанышқыны газға қыздырып, Махмудтың аузын күйдірдім деп жазғансыз». Сосын «Махмудтың дәретханада темекі шегіп тұрғанын көріп қалдым. Сөйтіп, үтікті қосып, қыздырып оны бетіне, жамбасына, ішіне бастым», — деп жазғансыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал