Өскеменде зауыттағы апаттан зардап шеккен екі жұмысшының бірі елордаға жеткізілді. Үшінші бел омыртқасы сынған науқас Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жатқызылады. Екінші жұмысшының өмірі мен денсаулығы үшін дәрігерлер әлі де күресіп жатыр. Оның денесінің 90 пайызын күйік шалған. Оны Астанаға тасымалдау мәселесін дәрігерлер талқылайды. Айта кетейік, пациенттердің халін тексеру үшін, дәрігерлер санитарлық авиация бортымен Өскеменге жеткізілді.
МАРАТ НҰРБИКЕНОВ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Денесін күйік шалып, жансақтау бөліміне жатқызылған науқастың жағдайы әлі де ауыр. Дегенмен қазір оны шок жағдайынан шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ертең таңғы сағат 08:30-да Астанадағы Ұлттық үйлестіру орталығынан екі маман қайта келеді. Сол кезде науқастың жағдайына қарай оны да Астанаға тасымалдау мүмкіндігі қарастырылады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.