Алатау қаласында басқарудың жаңа моделі енгізіледі

Алатау ерекше мәртебеге ие болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» заңға қол қойды. Құжат бойынша қалада басқарудың жаңа моделі енгізіледі. Ал инвесторлар мен резиденттер үшін салық, кеден және цифрлық активтер саласында ерекше жеңілдігі бар, дербес экожүйе құрылады. Бұл жөнінде Баян Қайратұлымен әңгімелесіп көрейік. Ол – Цифрлық технологиялар жөніндегі бас директоры.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал