Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың шабандоз болғанын білесіз бе? Оның бойындағы өжеттілік пен қайсарлық бала кезден қалыптасса керек. Оралдағы батыр атындағы мемориалдық музейде оның отбасына қатысты түрлі жәдігер сақтаулы. Олар сан ғасыр сыр шертеді. Түрлі фотосурет, тұтынған бұйымының тарихы тереңде жатыр. Соның бірі – қайыстан өрілген, жіңішке металл тілікшесі бар қамшы. Қазақ халқының салт-дәстүрінде қамшының алар орны ерекше. Оның ағаштан жасалған сабында батыр қыздың өз қолымен ойып жазған жазуы сақталған. Мәншүк анасымен бірге туған ауылына барғанда бір үлкен тойға тап болады. Сол тойда атқа мінген қазақтың қайсар қызы бәйгеге шабады. Шабандоз ол кезде бар болғаны 12 жаста еді.
РАУШАНГҮЛ ТАЖИДАЕВА, ҚОР САҚТАУШЫ:
– Жақынырақ қарасаңыздар, «Мәншүк. М 1934» деп жазулы тұр. Жалпы, қыз балаға қамшы сыйламайды. Ауылдың ақсақалдары Мәншүк апамыздың сондай қайсарлығын, батылдығын, ерлігін көре отырып, осындай әдемі қамшы сыйлаған болатын. Бұл – біз үшін өте құнды жәдігер. Өйткені Мәншүк апамыздың қолының ізі қалған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.