Астанада «Анаға тағзым» аллеясы бой көтерді. Мұнда 14 бірдей батыр ана мемлекеттік марапатқа ие болып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында жас көшеттер екті.
Астана қаласы оралық саябағында Халықаралық отбасы күні мен Аналар күніне арналған «Анаға тағзым» аллеясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараны қала әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесі бірлесіп ұйымдастырды.
ӘЛИЯ ӘБСЕМЕТОВА, НҰРА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Бүгінгі шарада аналарды 5 алтын алқамен және 9 күміс алқамен Президентіміздің атынан марапаттаймыз. 50-ден астам алмұрт ағашы отырғызылады. Аналар аллеясы үшін орталық саябақтан керемет орын таңдадық.
Отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған салтанатты жиында көпбалалы аналарға құрмет көрсетіліп, саналы ұрпақ тәрбиелеудің маңызы айтылды.
«Анаға тағзым» аллеясы – аналарға деген құрметтің белгісі ғана емес, елорданың экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған игі бастама. «Таза Қазақстан» акциясы барысында көпбалалы аналар мен қоғам белсенділері ағаш отырғызып, қаланың жасыл желегін көбейтуге үлес қосты.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.