Снаряд лақтыру, иыққа 10 келілік серке салып отырып-тұру және арқан тарту. Осындай қызықты әрі тартысты спорт түрін «Бала Толағайдың» жарысынан көре аласыз.
«Бала Толағай» жарыстары орталық саябақта домбыра үнімен басталды. Ұйымдастырушылар балаларға бірнеше спорттық сайыс түрін дайындады. Барлығы ұлттық және бұқаралық спорт элементіне негізделген. Бір алаңда елорданың оннан астам мектебінен келген команда кездесті. Әр қатысушының мақсаты – жеңіске қол жеткізу. Сүйікті спорттында суырылып алға шығу.
Жасөспірімді бұқаралық спортқа баулуды мақсат еткен шараға мектеп оқушыларымен бірге ересектер де қатысты. Олар турникке тартылу, гір көтеру, қол күрес сияқты спорт түрінен сайысты. Ұйымдастырушылар мұндай бәсекені республикалық деңгейге көтеру керек деп есептейді.
Ұйымдастырушылар мұндай шаралар қала тұрғындарын тұрақты спортпен айналысуға шақырып, салауатты өмір салтын ұстануға қызығушылық туғызатынына сенімді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.