Астана әуежайында шашу шашылып, жанкүйер қошеметі елді елең еткізді. Себебі біздің жас өрендер Американы бағындырып келді. Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен дрон футболынан әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты.
Калифорнияда өткен додаға 17 елден 100-ден астам команда қатысқан. Бірақ біздің Астана мен Ақтөбеден барған бес команда нағыз технологиялық шоу көрсетіп, екі бірдей жарыста жеңіс тұғырынан көрінді. Дрон футболы – жай ойын емес, болашақтың спорты. Арнайы қорғаныс шарларына оралған дронды шебер басқарып, қарсыластың қақпасынан гол өткізу үшін оқушылар бір жыл бойы тер төккен.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.