Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен қатыгез ана сотта жауап берді | 08.05.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

АНАҒА ҮКІМ
Шымкентте өз баласына қатыгездік көрсетіп, денесін үтікпен күйдіріп, шанышқы басқан анаға сот үкімі шықты. Тәрбиелеудің жантүршігерлік әдісін таңдаған әйелдің тағдыры қалай шешілді?

ГАЗСЫЗ ҚАЛҒАН ҚАЛА
Теміртауда газ баллонын пайдалануға қатаң тыйым салынды. Енді тұрғындар жарылыстан емес, өрттен қорқып отыр. Ескі электр желісіне сенбеген тұрғындар билікпен ортақ мәмілеге келе алмай әлек.

САЯСИ РЕФОРМА КЕЗЕҢІ
Үкімет отставкаға кетеді. Вице-президент лауазымына кім лайық? Елді тағы қандай жаңашылдық күтіп тұр? Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында маңызды өзгеріс талқыланды.

САНАВИАЦИЯ КӨМЕККЕ КЕЛДІ
Өмір үшін күрес. Астаналық дәрігерлер Өскемендегі зардап шеккендерді құтқаруға кірісті. Санитарлық авиация бір науқасты елордаға алып кетті, ал жағдайы аса қиын екінші азаматтың тағдыры әлі белгісіз.

ҚАЙСАР ҚЫЗДЫҢ ҚАМШЫСЫ
Мәншүк Мәметованың мерген ғана емес, мықты шабандоз болғанын білесіз бе? Оралдағы музейде батырдың қамшысы сақталған. Сабында өз қолымен ойып жазған жазуы бар бірегей жәдігерді көрсетеміз.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал