«Казцинк» зауытындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір жұмысшы көз жұмды

Өскеменде «Казцинк» зауытындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір жұмысшы көз жұмды. Еске салайық, бір апта бұрын болған апаттан екі адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алған еді. 45 жастағы зауыт қызметкерінің денесі 90 пайызға күйген. Зардап шеккен екінші жұмысшы Астанаға жеткізілді. Оның омыртқасы зақымданған. Компания өкілдерінің хабарлауынша, апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар жарылыстың себебі нақтылануда. Зауыт жұмыс істеп тұр. Бірақ өндіріс көлемі уақытша азайтылған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал