Қайын жұртын қырып тастады деген күдікпен ұсталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты тергеу толық аяқталды. Басты күдікті күйеубала 4 адамды – қайын атасы, енесі, әйелінің екі бауырын – өлтіргенін және оларды үйінің ауласындағы қорада көмгенін мойындады. Жантүршігерлік оқиға Атырау облысы Жангелдин ауылында болған. Күдікті Индонезияда ұсталып, Атырауға жеткізілген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, одан қаза тапқандардың заттары, жеке куәліктері, банк карталары мен ұялы телефондары табылды. Аса ауыр қылмыстық іс енді сотқа жолданады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.